Мемлекеттік техникалық реттеу жүйесі деректерінің тізілімін қалыптастыру, жүргізу және қолдап отыру қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің 2021 жылғы 30 маусымдағы № 437-НҚ бұйрығы
«Техникалық реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 1-тармағының 11) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік техникалық реттеу жүйесі деректерінің тізілімін қалыптастыру, жүргізу және қолдап отыру қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрі | Б. Сұлтанов |
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Цифрлық даму, инновациялар және
аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі
Қазақстан Республикасының
сауда және интеграция министрінің
2021 жылғы 30 маусымдағы
№ 437-НҚ бұйрығымен бекітілген
Мемлекеттік техникалық реттеу жүйесі деректерінің тізілімін қалыптастыру, жүргізу және қолдап отыру
қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Мемлекеттік техникалық реттеу жүйесі деректерінің тізілімін қалыптастыру, жүргізу және қолдап отыру қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Техникалық реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Заң) 7-бабы 1-тармағының 11) тармақшасына сәйкес әзірленді және мемлекеттік техникалық реттеу жүйесі деректерінің тізілімін қалыптастыру, жүргізу және қолдап отыру тәртібін айқындайды.
2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады: