Шетелдік валютадағы ең төмен жеке кредиттік рейтинг бойынша шарттарды бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 2 мамырдағы № 293 бұйрығы
Осы редакция 2023 жылғы 21 сәуірде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» 2017 жылғы 27 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің 56-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған шетелдік валютадағы ең төмен жеке кредиттік рейтинг бойынша шарттар бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Жер қойнауын пайдалану департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз тасығыштағы және электрондық нысандағы көшірмелерін Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;