Введите номер документа
Прайс-лист

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПРЕЗИДЕНТІ АРХИВІНІҢ КЕЙБІР ...

Информация о документе
Датасреда, 9 февраля 2022
Статус
Действующийвведен в действие с
Дата последнего изменениясреда, 9 февраля 2022

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПРЕЗИДЕНТІНІҢ

ЖАРЛЫҒЫ

 

Қазақстан Республикасы Президенті Архивінің кейбір мәселелері туралы

 

Осы редакция 2025 ж. 1 қаңтарға дейін қолданылған редакция

 

«Қазақстан Республикасының Президенті туралы» 1995 жылғы 26 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 33-бабы 2-тармағының 3) тармақшасына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

1. «Қазақстан Республикасы Президентінің Архиві» мемлекеттік мекемесі «Қазақстан Республикасы Президентінің Архиві» республикалық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - Архив) ретінде қайта құру арқылы қайта ұйымдастырылсын.

2. Қоса беріліп отырған «Қазақстан Республикасы Президентінің Архиві» республикалық мемлекеттік мекемесінің ережесі бекітілсін.

3. Архивтің штат саны 108 бірлік мөлшерінде белгіленсін.

4. Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Архивке қатысты уәкілетті орган болып айқындалсын.

5. Қазақстан Республикасының Үкіметі осы Жарлықтан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.

6. «Мемлекеттік саяси және әкімшілік қызметшілер лауазымдарының тізілімін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 150 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2015 ж., № 70-71, 520-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:

жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Мемлекеттік саяси және әкімшілік қызметшілер лауазымдарының тізілімінде:

«2-тарау. Мемлекеттік әкімшілік лауазымдар» деген тарауда:

С санаттарының тобындағы «Қазақстан Республикасы Президентінің Архиві,» деген сөздер алып тасталсын.

7. Осы Жарлыққа қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір актілерінің күші жойылды деп танылсын.

8. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының

           Президенті

 

Қ. ТОҚАЕВ

 

Нұр-Сұлтан, Ақорда, 2022 жылғы 9 ақпан

 

                       № 808

 

Қазақстан Республикасы

Президентінің

2022 жылғы 9 ақпандағы

№ 808 Жарлығымен

БЕКІТІЛГЕН

 

 

«Қазақстан Республикасы Президентінің Архиві» республикалық мемлекеттік мекемесінің

Редакция документа

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом