Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің 2017-2021 жылдарға арналған стратегиялық жоспарын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2016 жылғы 20 желтоқсандағы № 674 бұйрығы
(2018.20.11. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2018 жылғы 27 желтоқсанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 62 - бабының 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің 2017-2021 жылдарға арналған стратегиялық жоспары бекітілсін.
2. Құрылымдық бөлімшелердің басшылары жыл сайын 20 қаңтардан кешіктірмей Стратегиялық даму департаментіне Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің 2017-2021 жылдарға арналған стратегиялық жоспарын іске асыру барысы туралы ақпаратты беруді қамтамасыз етсін.
3. Стратегиялық даму департаменті стратегиялық жоспарды іске асыру туралы есепті Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің веб-порталында есепті жылдан кейінгі жылдың 20 ақпанынан кешіктірмей орналастыруын қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
5. Осы бұйрық 2017 жылғы 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.
КЕЛІСІЛДІ:
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрі
Қ. Бишімбаев
ҚР Қаржы министрінің 2018.20.11. № 1019 бұйрығымен стратегиялық жоспары жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2016 жылғы 20 желтоқсандағы
№ 674 бұйрығына қосымша
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің 2017 - 2021 жылдарға арналған
стратегиялық жоспары
1-бөлім. Миссиясы мен пайымы
Миссия. Мемлекеттің экономикалық мүдделерін қамтамасыз ету, халық пен бизнес үшін қолайлы жағдайлар жасау.
Пайымы. Қаржы министрлігінің 2017-2021 жылдарға арналған стратегиялық жоспары әлемнің ең дамыған 30 мемлекетінің қатарына кіру жөніндегі жалпыұлттық мақсатқа қол жеткізуге бағытталған.
2-бөлім. Ағымдағы ахуалды талдау және тәуекелдерді басқару
1-стратегиялық бағыт. «Қаржы жүйесінің орнықтылығына жәрдемдесу»