«2025-2027 жылдарға арналған қалалық бюджет туралы» Тараз қалалық мәслихатының 2024 жылғы 26 желтоқсандағы № 25-3 шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Жамбыл облысы Тараз қалалық мәслихатының 2025 жылғы 5 желтоқсандағы № 34-2 шешімі
Тараз қалалық мәслихаты ШЕШТІ:
1. «2025-2027 жылдарға арналған қалалық бюджет туралы» Тараз қалалық мәслихатының 2024 жылғы 26 желтоқсандағы № 25-3 шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:
1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
1) кірістер - 86 785 371 мың теңге, оның ішінде:
салықтық түсімдер - 39 348 717 мың теңге;
салықтық емес түсімдер - 697 384 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түскен түсімдер - 19 792 790 мың теңге;
трансферттер түсімі - 26 946 480 мың теңге;
2) шығындар - 97 416 418 мың теңге;
3) таза бюджеттік кредиттеу - -587 000 теңге:
бюджеттік кредиттер - 0 теңге;
бюджеттік кредиттерді өтеу - 587 000 теңге;
4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо - 0 мың теңге:
қаржы активтерін сатып алу - 0 мың теңге;
қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер - 0 теңге;
5) бюджет тапшылығы (профициті) - - 10 631 047 мың теңге;
6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) - 10 631 047 мың теңге»:
қарыздар түсімі - 20 777 921 мың теңге;
қарыздарды өтеу - 11 472 874 мың теңге;
бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары - 739 000 мың теңге.
Көрсетілген шешімнің 1-қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы шешім 2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.
| Тараз қалалық мәслихатының төрағасы | К. Олжабай |
Тараз қалалық мәслихатының
2025 жылғы 5 желтоқсандағы
№ 34-2 шешіміне
1-қосымша
Тараз қалалық мәслихатының
2024 жылғы 26 желтоқсандағы
№ 25-3 шешіміне
1-қосымша
Тараз қаласының 2025 жылға арналған бюджеті
| Санаты | | | Сомасы, мың теңге |
| | Сыныбы |
| | | Iшкi сыныбы |
| | | | Атауы |
| 1 | 2 | 3 |
| | | | І. КІРІСТЕР | 86 785 371 |
| 1 | | | САЛЫҚТЫҚ ТҮСІМДЕР | 39 348 717 |
| | 01 | | Табыс салығы | 18 704 000 |
| | | 1 | Корпоративтік табыс салығы | 7 300 000 |
| | | 2 | Жеке табыс салығы | 11 404 000 |
| | 03 | | Әлеуметтiк салық | 7 650 000 |
| | | 1 | Әлеуметтік салық | 7 650 000 |