Мемлекеттік мүлік тізіліміне есепке алу объектілері деректерін енгізу пішімін, сондай-ақ бірдей мерзімдерде мемлекеттік мүлікке түгендеу, паспорттау және қайта бағалау жүргізудің бірыңғай әдістемесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2011 жылғы 15 желтоқсандағы № 636 бұйрығы
(2014.08.09. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2016 жылғы 29 қаңтарда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚР Премьер-Министрінің Орынбасары - ҚР Қаржы министрінің 2014.14.01. № 9 Бұйрығымен кіріспе жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
«Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы Заңының 200-бабының 6-тармағын және Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 19 наурыздағы «Мемлекеттік статистика туралы» Заңның 16-бабының 3-тармағының 2) тармақшасын іске асыру үшін БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік мүлік тізіліміне есепке алу объектілері деректерін енгізу пішімі, сондай-ақ бірдей мерзімдерде мемлекеттік мүлікке түгендеу, паспорттау және қайта бағалау жүргізудің бірыңғай әдістемесі бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Республикалық мемлекеттік мүлікті басқару және оңалту мен банкроттық әдіснамасы департаменті (Б.Х. Тәшенов) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде тіркелуін және заңнамада белгіленген тәртіппен ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық ресми жариялануға жатады және 2013 жылғы 10 наурыздан бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2011 жылғы 15 желтоқсандағы
№ 636 бұйрығымен
бекітілген
Мемлекеттік мүлік тізіліміне есепке алу объектілері деректерін енгізу пішімі, сондай-ақ бірдей мерзімдерде мемлекеттік мүлікке
түгендеу, паспорттау және қайта бағалау жүргізудің бірыңғай
әдістемесі