ҚР Қаржы министрінің 2018 жылғы 20 ақпандағы № 247 бұйрығымен күші жойылды
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2015 жылғы 26 наурыздағы
№ 210 бұйрығына 4-қосымша
Еркін кедендік аймақ кедендік рәсімімен орналастырылған тауарларды, Кеден одағының тауарлары деп тану
қағидалары
1. Жалпы ережелер
1. Осы Еркін кедендік аймақ кедендік рәсімімен орналастырылған тауарларды, Кеден одағының тауарлары деп тану қағидасы «Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 30 маусымдағы Кодексінің (бұдан әрі - Кодекс) 60-1-бабына және 2010 жылғы 18 маусымдағы Кеден одағының кедендік аумағындағы еркін (арнайы, ерекше) экономикалық аймақтар және еркін кедендік аймақтың кедендік рәсімі мәселелері жөніндегі келісімнің 15-бабының 5 және 8-тармақтарына сәйкес әзірленді және еркін кедендік аймақ (бұдан әрі - ЕКА) кедендік рәсімімен орналастырылған тауарларды, кедендік бақылауда тұрмаған Кеден одағының тауарлары деп тану тәртібін айқындайды.
2. Осы Қағида мынадай жағдайларда:
1) арнайы экономикалық аймақтың (бұдан әрі - АЭА) жұмыс істеуі тоқтаған немесе АЭА аумағында ЕКА кедендік рәсімін қолдануды тоқтату туралы шешім қабылданған кезде;
2) тұлға АЭА қатысушы мәртебесін жоғалтқан жағдайда, АЭА қатысушы ретінде қызметті жүзеге асыру туралы шарттың қолданылу мерзімінің өтуіне және осы шарттың талаптарын орындауға байланысты қолданылады.
3. ЕКА кедендік рәсімімен орналастырылған тауарларды, Кеден одағының тауарлары деп тануды АЭА-ға қатысушының дәлелді жазбаша өтініші негізінде мемлекеттік кірістер органы жүзеге асырады.
2. Еркін кедендік аймақ кедендік рәсімімен орналастырылған
тауарларды Кеден одағының кедендік бақылауда тұрмаған
тауарлары деп тану тәртібі