Кейбір бұйрықтарға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің м.а. 2026 жылғы 28 тамыздағы № 332 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін кейбір бұйрықтардың тізбесі бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Өртке қарсы қызмет комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрінің міндетін атқарушы | Ч. Аринов |
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Жасанды интеллект және
цифрлық даму министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі
Қазақстан Республикасының
Төтенше жағдайлар
министрінің міндетін атқарушы
2026 жылғы 28 тамыздағы
№ 332 бұйрығына
қосымша
Өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін кейбір бұйрықтардың тізбесі
1. «Өрт қауіпсіздігі саласындағы аудит жөніндегі қызметті жүзеге асыруға сараптама ұйымдарын аккредиттеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 13 ақпандағы № 112 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10488 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Өрт қауіпсіздігі саласындағы аудит жөніндегі қызметті жүзеге асыруға сараптама ұйымдарын аккредиттеу қағидаларында:
мынадай мазмұндағы 3-1-тармақпен толықтырылсын: