«Әуе қозғалысына қызмет көрсетуге қажеттілікті бағалау әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2017 жылғы 19 маусымдағы № 361 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 2022 жылғы 21 қазандағы № 586 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Әуе қозғалысына қызмет көрсетуге қажеттілікті бағалау әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2017 жылғы 19 маусымдағы № 361 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15364 болып тіркелген), мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Әуе қозғалысына қызмет көрсетуге қажеттілікті бағалау әдістемесінде:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Әуе қозғалысына қызмет көрсетуге қажеттілікті бағалау әдістемесі (бұдан әрі – Әдістеме) «Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 17-бабының 4-2-тармағына сәйкес әзірленген және әуе қозғалысына қызмет көрсетуге қажеттілікті бағалау үшін қолданылады.»;
қосымша осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Азаматтық авиация комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің міндетін атқарушы | Е. Дауылбаев |
Қазақстан Республикасы
Индустрия және
инфрақұрылымдық