Мемлекеттік кепілдікпен тартылған мемлекеттік емес қарызды өтеуге және оған қызмет көрсету үшін астананың су шаруашылығы құрылыстарын салу мен пайдалануды ұйымдастыруды жүзеге асыратын шаруашылық жүргізу құқығындағы сумен жабдықтау саласындағы мемлекеттік кәсіпорынға бюджеттік субсидиялардың төлемдері (төлемақылары) қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің м.а. 2026 жылғы 28 қыркүйектегі № 485 бұйрығы
Қазақстан Республикасы Су кодексінің 25-бабының 2-тармағы 12-1) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп Мемлекеттік кепілдікпен тартылған мемлекеттік емес қарызды өтеуге және оған қызмет көрсету үшін астананың су шаруашылығы құрылыстарын салу мен пайдалануды ұйымдастыруды жүзеге асыратын шаруашылық жүргізу құқығындағы сумен жабдықтау саласындағы мемлекеттік кәсіпорынға бюджеттік субсидиялардың төлемдері (төлемақылары) қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен
1) осы бұйрықты қойылған күннен бастап бес жұмыс күн ішінде қазақ және орыс тілдерінде электрондық түрде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрілігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорына жіберуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің интернет-ресурсында алғаш ресми жарияланғаннан кейін орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.