Введите номер документа
Прайс-лист

«Қазақстан Республикасының аумағындағы екінші деңгейдегі банктердегі арнайы шоттарға аударылған қалдықтарды көму полигондарының жою қорына аударым сомаларын шегерімге жатқызу және олардың мөлшерін белгілеу қағидалары туралы» Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрінің 2025 жылғы 30 қазандағы № 293 бұйрығы

Информация о документе
Датачетверг, 30 октября 2025
Статус
Действующийвведен в действие с 1 января 2026
Дата последнего изменениячетверг, 30 октября 2025

Қазақстан Республикасының аумағындағы екінші деңгейдегі банктердегі арнайы шоттарға аударылған қалдықтарды көму полигондарының жою қорына аударым сомаларын шегерімге жатқызу және олардың мөлшерін белгілеу қағидалары туралы

Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрінің 2025 жылғы 30 қазандағы № 293 бұйрығы

 

Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 268-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының аумағындағы екінші деңгейдегі банктердегі арнайы шоттарға аударылған қалдықтарды көму полигондарының жою қорына аударым сомаларын шегерімге жатқызу және олардың мөлшерін белгілеу қағидалары бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Қалдықтарды басқару департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен кейінгі он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы ақпараттың ұсынылуын қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар вице-министріне жүктелсін.

4. Осы бұйрық 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi және ресми жариялануға тиіс.

 

 

Қазақстан Республикасының

Экология және табиғи ресурстар министрі

 

Е. Нысанбаев

 

«КЕЛІСІЛДІ»

Қазақстан Республикасы

Ұлттық экономика министрлігі

 

Қазақстан Республикасының

Экология және табиғи

ресурстар министрі

2025 жылғы 30 қазандағы

№ 293 бұйрығына қосымша

 

 

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом