Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі ведомстволарының арнайы автокөлігінің тиесілік заттай нормаларын және ерекше үй-жайлары үшін алаңдарының заттай нормаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 12 тамыздағы № 441 бұйрығы
Осы редакция 2026 жылғы 2 сәуірде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 70-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының мемлекеттік кірістер органдарының арнайы автокөлігінің тиесілік заттай нормалары;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі ведомстволарының ерекше үй-жайлары үшін заттай нормалары бекітілсін.
2. «Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі ведомстволарының арнайы автокөлігінің тиесілік заттай нормаларын және ерекше үй-жайлары үшін алаңдарының заттай нормаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2019 жылғы 21 мамырдағы № 470 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2021 жылғы 5 қазандағы № 1025 бұйрығының күшi жойылсын.
3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Ішкі сатып алу және Министрліктің активтері департаменті заңнамамен белгіленген тәртіпте:
1) осы бұйрықтың көшірмесін мемлекеттік және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін эталондық бақылау банкіне орналастыру және ресми жариялау үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы