Қазақстан Республикасы Президентінің
Жарлығы
Азаматтардың «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметіне кіруінің кейбір мәселелері туралы
(2020.14.01. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2020 жылғы 5 қазанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. Қоса беріліп отырған:
1) «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына қойылатын арнайы біліктілік талаптары;
2) «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметінің кадр резервіне іріктеу қағидалары;
3) «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметінің кадр резервін қалыптастыру қағидалары;
4) «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидалары бекітілсін.
2. Осы Жарлыққа қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарының күші жойылды деп танылсын.
3. Осы Жарлық 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
| Қазақстан Республикасының Президенті | Н. НАЗАРБАЕВ |
Астана, Ақорда, 2015 жылғы желтоқсанның 29-ы.
№ 151
Қазақстан Республикасы Президентінің
2015 жылғы 29 желтоқсандағы
№ 151 Жарлығымен
БЕКІТІЛГЕН
«А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына қойылатын арнайы
біліктілік талаптары
1. Жалпы ережелер
1. «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына қойылатын осы арнайы біліктілік талаптары (бұдан әрі - Арнайы біліктілік талаптары) «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының 17-бабының 3-тармағына сәйкес әзірленді және «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға үміткер азаматтарға қойылады.
2. Арнайы біліктілік талаптары:
1) білімі бойынша талаптарды;
2) жұмыс өтілі бойынша талаптарды;
3) кәсіптік білімі, Қазақстан Республикасының заңнамасын, стратегиялық және бағдарламалық құжаттарды білуі бойынша талаптарды қамтиды.
ҚР Президентінің 2017.05.04. № 456 Жарлығымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); ҚР Президентінің 2018.04.08. № 723 Жарлығымен (бұр.ред.қара); 2019.22.07. № 74 Жарлығымен (бұр.ред.қара) 3-тармақ өзгертілді