«Шығыс Қазақстан облысының мәдениет басқармасы» мемлекеттік мекемесінің кейбір мәселелері туралы
Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2025 жылғы 14 қарашадағы № 284 Қаулысы
(2026.13.02. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 40-бабы 2-тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабы 2-тармағына, «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 17-бабы 7) тармақшасына сәйкес Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес «Шығыс Қазақстан облысының мәдениет басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы ереже бекітілсін.
2. Осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес «Шығыс Қазақстан облысының мәдениет басқармасы» мемлекеттік мекемесінің құрылымы бекітілсін.
3. Шығыс Қазақстан облысының мәдениет басқармасы:
1) осы қаулыға қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмелерін Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жариялау үшін «Қазақстан Республикасының заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
2) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдауды қамтамасыз етсін.
4. Мынадай:
1) «Шығыс Қазақстан облысының мәдениет басқармасы» мемлекеттік мекемесінің кейбір мәселелері туралы» Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2024 жылғы 15 шілдедегі № 179 қаулысының;
2) «Шығыс Қазақстан облысының мәдениет басқармасы» мемлекеттік мекемесінің кейбір мәселелері туралы» Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2024 жылғы 15 шілдедегі № 179 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2025 жылғы 14 қаңтардағы № 2 қаулысының күші жойылсын.