Қылмыстық-атқару жүйесінің мекемелерінде туберкулезге қарсы көмекті ұйымдастыру қағидаларын, жазаны өтеуден босатуға негіз болып табылатын аурулар тізбесін, ауруына байланысты жазасын өтеуден босатуға ұсынылатын сотталғандарды медициналық куәландыру қағидасын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 19 тамыздағы № 530 бұйрығы
(2019.09.10. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2019 жылғы 23 желтоқсанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚР Ішкі істер министрінің 2019.09.10. № 872 бұйрығымен кіріспе жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2014 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасы Қылмыстық-атқару кодексінің 16, 117, 161, 162, 170, 173-баптарына, 2014 жылғы 3 шiлдедегі Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 75-бабына сәйкес, «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының кодексін іске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Қылмыстық-атқару жүйесі мекемелеріндегі туберкулезге қарсы көмекті ұйымдастыру қағидалары;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Жазаны өтеуден босатуға негіз болып табылатын аурулар тізбесі;
3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес Ауруына байланысты жазасын өтеуден босатуға ұсынылатын сотталғандарды медициналық куәландыру қағидасы бекітілсін.
2. Мыналардың:
1) «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде ұсталатын адамдарға туберкулезге қарсы көмекті ұйымдастыру қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2012 жылғы 29 ақпандағы № 117 және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2012 жылғы 27 ақпандағы № 115 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7616 болып тіркелген, 2012 жылғы 4 шілдедегі № 211-212 (27030-27031) «Егеменді Қазақстан» газетінде жарияланған)) бірлескен бұйрығының;