Құрылыс объектісін пайдалану жөніндегі шарт жасалатын жеке кәсіпкерге немесе заңды тұлғаға қойылатын талаптарды бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің м.а. 2026 жылғы 22 мамырдағы № 255 бұйрығы
Қазақстан Республикасы Құрылыс кодексінің 137-бабы 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Құрылыс объектісін пайдалану жөніндегі шарт жасалатын жеке кәсіпкерге немесе заңды тұлғаға қойылатын талаптары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің ресми жарияланғаннан кейін интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық 2026 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
| Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің міндетін атқарушы | И. Шархан |