Қарағанды қалалық мәслихатының IV шақырылған ХVІ сессиясының 2008 жылғы 24 желтоқсандағы № 172 «Қарағанды қаласы азаматтарының жекелеген санаттарына қалалық қоғамдық көліктерде (таксиден басқа) жүруге әлеуметтік көмек көрсету туралы» шешімінің күші жойылды деп тану туралы
Қарағанды қалалық мәслихатының 2017 жылғы 21 маусымдағы VI шақырылған XIV сессиясының № 171 шешімі
Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі «Құқықтық актілер туралы», 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңдарына сәйкес Қарағанды қалалық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Қарағанды қалалық мәслихатының IV шақырылған ХVІ сессиясының 2008 жылғы 24 желтоқсандағы № 172 «Қарағанды қаласы азаматтарының жекелеген санаттарына қалалық қоғамдық көліктерде (таксиден басқа) жүруге әлеуметтік көмек көрсету туралы» шешімінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8-1-84 болып тіркелген, 2008 жылғы 29 желтоқсандағы № 134 (463) «Взгляд на события» газетінде жарияланған), сондай-ақ қосымшаға сәйкес шешімдер күші жойылды деп танылсын.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Қарағанды қалалық мәслихаты аппаратының басшысына жүктелсін.
3. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Сессия төрайымы | С. Боранқұлова |
| Қалалық мәслихат хатшысы | Қ. Бексұлтанов |
Қарағанды қалалық мәслихатының
2017 жылғы 21 маусымдағы XIV сессиясының
№ 171 шешіміне
қосымша