Ерейментау қаласына бірыңғай сәулеттік келбет беруге бағытталған, көппәтерлі тұрғын үйлердің сыртқы қабырғаларын, шатырларын реконструкциялау, ағымдағы немесе күрделі жөндеу жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру және жүргізу қағидаларын бекіту туралы
Ақмола облысы Ерейментау ауданы әкімдігінің 2025 жылғы 30 желтоқсандағы № а-13/345 Қаулысы
«Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-3-бабы 2-тармағының 11) тармақшасына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабы 1-тармағының 16-5) тармақшасына сәйкес, Ерейментау ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Ерейментау қаласына бірыңғай сәулеттік келбет беруге бағытталған, көппәтерлі тұрғын үйлердің сыртқы қабырғаларын, шатырларын реконструкциялау, ағымдағы немесе күрделі жөндеу жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру және жүргізу қағидалары бекітілсін.
2. Күші жойылды деп танылсын:
1) «Ерейментау қаласына бірыңғай сәулет келбетін беруге бағытталған көппәтерлі тұрғын үйлердің қасбеттерін, шатырларын ағымдағы немесе күрделі жөндеу жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру және жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Ақмола облысы Ерейментау ауданы әкімдігінің 2021 жылғы 8 шілдедегі № а-7/182 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № № 23853 болып тіркелген) қаулысы;
2) «Ерейментау ауданы әкімдігінің 2021 жылғы 8 шілдедегі № а-7/182 «Ерейментау қаласына бірыңғай сәулет келбетін беруге бағытталған көппәтерлі тұрғын үйлердің қасбеттерін, шатырларын ағымдағы немесе күрделі жөндеу жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру және жүргізу қағидаларын бекіту туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Ақмола облысы Ерейментау ауданы әкімдігінің 2024 жылғы 13 наурыздағы № а-3/72 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8709-03 болып тіркелген) қаулысы.