Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 4 желтоқсандағы № 540 бұйрығы
(2024.01.11. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2024 жылғы 25 қыркүйекте енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды (2025 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
ҚР Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары - ҚР Қаржы министрінің 2019.03.06. № 533 бұйрығымен (бұр.ред.қара); 2021.10.06. № 555 бұйрығымен (бұр.ред.қара); ҚР Қаржы министрінің 2024.11.06. № 353 бұйрығымен (2024 ж. 25 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) кіріспе жаңа редакцияда
Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 82-бабының 8-тармағына және «Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесі бекітілсін (бұдан әрі - Ереже).
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Бюджеттік рәсімдер әдіснамасы департаментіне (З.А. Ерназарова):
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күнен бастап, 2015 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін Ереженің 4-тарауының 4-параграфын қоспағанда, қолданысқа енгізіледі.
| Қаржы министрі | Б. Сұлтанов |
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2014 жылғы 4 желтоқсандағы
№ 540 бұйрығымен бекітілген
Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету
ережесі
ҚР Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары - ҚР Қаржы министрінің 2020.26.03. № 320 бұйрығымен 1-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1-тарау. Жалпы ережелер
ҚР Қаржы министрінің 2024.11.06. № 353 бұйрығымен 1-тармақ жаңа редакцияда (2024 ж. 25 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)