Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 10 қыркүйектегі № 762 Қаулысы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | К. Мәсімов |
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2015 жылғы 10 қыркүйектегі
№ 762 қаулысына
қосымша
Қазақстан Республикасы Үкіметінің күші жойылған кейбір шешімдерінің
тізбесі
1. «Салалық арттырушы коэффициенттерді бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 9 маусымдағы № 548 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 29, 286-құжат).
2. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 9 маусымдағы № 548 қаулысына толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 3 қарашадағы № 1002 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 42, 469-құжат).