Қазақстандық жұмыскерлердің тәлімгерлігін ұйымдастыру қағидаларын және шетелдік жұмыс күшін тартатын жұмыс берушілерге қойылатын талаптарды бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2024 жылғы 18 маусымдағы № 197 бұйрығы
Осы редакция 2026 жылғы 26 мамырда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгінiң кейбiр мәселелерi туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 18 ақпандағы № 81 қаулысының 15-тармағының 119-1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстандық жұмыскерлердің тәлімгерлігін ұйымдастыру қағидалары және шетелдік жұмыс күшін тартатын жұмыс берушілерге қойылатын талаптар бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Көші-қон комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бірінші вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі | С. Жакупова |
Қазақстан Республикасы
Еңбек және халықты
әлеуметтік қорғау министрінің
2024 жылғы 18 маусымдағы
№ 197 бұйрығына