Осы редакция 2019 жылғы 20 маусымда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2013 жылғы 18 маусымдағы
№ 229 бұйрығына
4-қосымша
Пана үйі қызметінің үлгілік қағидалары
(2018.23.05. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
1. Негізгі ережелер
1. Осы Пана үйі қызметінің үлгілік қағидалары (бұдан әрі - Қағида) Қазақстан Республикасының Конституциясына, «Білім туралы», «Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары» Қазақстан Республикасының заңдарына, «Неке және отбасы (ерлі-зайыптылық) туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес әзірленеді және Пана үйінің қызметін (бұдан әрі - Пана үйі) реттейді.
2. Пана үйі - жетім балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға уақытша тұрғын үймен қамтамасыз ету және бұдан әрі өмірге баулу тәсілімен әлеуметтік көмек беру үшін құрылған білім беру мекемесі.
3. Пана үйі заңды тұлға болып табылады, оның оқшауланған мүлкі, өз атауы жазылған мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ банкте шоты болады және тәрбие бағдарламасын тәрбиеленушілердің психикалық-физиологиялық ерекшеліктеріне, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың денсаулығын сақтау, құқықтары мен мүдделерін қорғау талаптарына сәйкес әзірлейді.
ҚР Білім және ғылым министрінің м.а. 2018.23.05. № 222 бұйрығымен 3-1-тармақпен толықтырылды
3-1. Паналар жинақталмаған жағдайда Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 22 ақпандағы № 50 бұйрығымен (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тізілімінде № 8390 болып тіркелген) бекітілген білім беру ұйымдары түрлері номенклатурасының 9-тармағында көрсетілген жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарының бір түріне қайта құрылуы мүмкін.