Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігінің Су шаруашылығы комитеті туралы ережені бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрінің 2024 жылғы 5 тамыздағы № 129-НҚ бұйрығы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 10 шілдедегі № 540 «Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігінің» кейбір мәселелері» қаулысына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігінің Су шаруашылығы комитеті туралы ереже осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігінің Су шаруашылығы комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың көшірмесін Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу және ресми жариялау үшін «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрықтан туындайтын өзге де шараларды қабылдауды қамтамасыз етсін.
3. Келесі бұйрықтардың күші жойылсын:
1) «Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігінің Су шаруашылығы комитеті туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрінің 2023 жылғы 6 қазандағы № 4-Ө бұйрығы;
2) «Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігінің Су шаруашылығы комитеті туралы ережені бекіту туралы «Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрінің 2023 жылғы 6 қазандағы № 4-Ө бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрінің 2024 жылғы 7 ақпандағы № 26-НҚ бұйрығы.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Су ресурстары және ирригация вице-министріне жүктелсін.
5. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.