Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы
Абай облысы Курчатов қалалық мәслихатының 2023 жылғы 27 желтоқсандағы № 14/84-VIII шешімі
Абай облысы Курчатов қалалық мәслихатының 2024 жылғы 19 желтоқсандағы № 24/147-VIII шешімімен күші жойылды
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 2-3-тармағына, Қазақстан Республикасының «Құқықтық актілер туралы» Заңының 27-бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің» 2023 жылғы 30 маусымдағы № 523 «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы қаулысына сәйкес, Курчатов қалалық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Курчатов қаласының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидалары осы шешімнің 1-қосымшасына сәйкес бекітілсін.
2. Осы шешімнің 2-қосымшасына сәйкес Курчатов қалалық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Курчатов қалалық мәслихатының төрайымы | Г. Хусайнова |
КЕЛІСІЛДІ:
Абай облысының жұмыспен қамту және
әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасы
Курчатов қалалық мәслихатының
2023 жылғы 27 желтоқсандағы
№ 14/84-VIII шешіміне
1 қосымша
Әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және
мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау
қағидалары
1. Жалпы ережелер