«Ұйымдарда, елді мекендерде және объектілерде өрттердің алдын алу және сөндіру, өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету және өрттерді сөндіруге байланысты авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу жөніндегі жұмыстарды жүргізу құқығына кәсіби өртке қарсы қызметтерді аттестаттау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2018 жылғы 13 шілдедегі № 514 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2026 жылғы 31 наурыздағы № 140 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Ұйымдарда, елді мекендерде және объектілерде өрттердің алдын алу және сөндіру, өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету және өрттерді сөндіруге байланысты авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу жөніндегі жұмыстарды жүргізу құқығына кәсіби өртке қарсы қызметтерді аттестаттау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2018 жылғы 13 шілдедегі № 514 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17281 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
кіріспе жаңа редакцияда жазылсын:
«Азаматтық қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабының 1-тармағының 75) тармақшасына және «Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Ұйымдарда, елді мекендерде және объектілерде өрттердің алдын алу және сөндіру, өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету және өрттерді сөндіруге байланысты авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу жөніндегі жұмыстарды жүргізу құқығына кәсіби өртке қарсы қызметтерді аттестаттау қағидаларында:
1-тармақтың бесінші - он үшінші абзацтары 2026 ж. 12 шілдеден бастап күшіне енеді
3-тармақтың екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын: