Қазақстан Республикасы
Әділет министрінің
2020 жылғы 29 мамырдағы
№ 69 бұйрығына 2-қосымша
Осы редакция 2021 жылғы 20 қазанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Жеке сот орындаушысы қызметімен айналысуға лицензия беру»
мемлекеттік көрсетілетін қызметтің қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы «Жеке сот орындаушысы қызметімен айналысуға лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 10 - бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және «Жеке сот орындаушысы қызметімен айналысуға лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет (бұдан әрі-мемлекеттік көрсетілетін қызмет) тәртібін айқындайды.
2. Мемлекеттік қызметті Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші ) көрсетеді.
3. «Бір өтініш» қағидаты - бір өтініш негізінде көрсетілетін бірнеше мемлекеттік қызметтердің жиынтығын көздейтін мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нысаны.
2-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі
4. Жеке тұлға (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті алушы) жеке сот орындаушысы қызметімен айналысуға лицензия алу үшін көрсетілетін қызметті берушіге өтінішті «электрондық үкіметтің» www.egov.kz. веб-порталы арқылы жолдайды.
5. Көрсетілетін қызметті алушы өтініш берген кезде «жеке кабинетіне» мемлекеттік көрсетілетін қызметке өтініштің қабылданғаны туралы мәртебе, сондай-ақ мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін алу күні мен уақыты көрсетілген хабарлама жіберіледі.
6. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің процесінің сипаттамасын, нысанын, мазмұнын, сондай-ақ көрсетілетін ерекшеліктерін ескере отырып өзге де мәліметтерді қамтитын мемлекеттік көрсетілетін қызметке қойылатын негізгі талаптардың тізбесі осы Қағидаларға 1- қосымшаға сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында келтірілген.
7. Мемлекеттік қызметті көрсету үшін құжаттар тізбесі: