«Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторингі агенттігінің экономикалық тергеп-тексеру қызметі лауазымдарының санаттарына қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігі Төрағасының 2021 жылғы 1 наурыздағы № 5-ж/қ бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігі Төрағасының 2025 жылғы 7 қазандағы № 11 бұйрығы
«Құқық қорғау қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 29-бабының 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. «Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторингі агенттігінің экономикалық тергеп-тексеру қызметі лауазымдарының санаттарына қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігі Төрағасының 2021 жылғы 1 наурыздағы № 5-ж/қ бұйрығына мынадай өзгеріс енгізілсін:
Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігінің экономикалық тергеп-тексеру қызметі лауазымдары санаттарына қойылатын біліктілік талаптары осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігінің (бұдан әрі - Агенттік) Кадр жұмысы департаменті заңнамада белгіленген тәртіпте:
1) осы бұйрықтың қазақ және орыс тілдеріндегі көшірмелерін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін жолдауын;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Агенттіктің Аппарат басшысына жүктелсін.
4. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
| Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігінің Төрағасы | Ж. Элиманов |
Қазақстан Республикасының
Қаржылық мониторинг