Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 28 қыркүйектегі № 605 Қаулысы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | Б. Сағынтаев |
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2018 жылғы 28 қыркүйектегі
№ 605 қаулысына
қосымша
Қазақстан Республикасы Үкіметінің күші жойылған кейбір шешімдерінің
тізбесі
1. «Қазақстан Республикасының ұлттық мұрағат қоры туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 1999 жылғы 7 қазандағы № 1538 қаулысы.
2. «Мемлекеттік бюджет есебінен қаржыландырылатын мемлекеттік және ведомстволық архивтердің ақылы қызмет көрсету және түскен қаржыны пайдалану қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 8 ақпандағы № 183 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2002 ж., № 6, 50-құжат).
3. «Құжаттар көшірмелерінің мемлекеттік сақтандыру қоры туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 28 мамырдағы № 578 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2002 ж., № 15, 160-құжат).
4. «Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының электрондық құжат айналымы ережесiн бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 17 сәуірдегі № 430 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 17, 220-құжат).