«Шығыс Қазақстан облысы ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесінің кейбір мәселелері туралы
Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2022 жылғы 18 ақпандағы № 40 Қаулысы
Осы редакция 2023 жылғы 22 мамырда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабы 2-тармағына, «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 17-бабы 7) тармақшасына, 164-бабына, Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 40-бабы 2-тармағына сәйкес Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулының 1 қосымшасына сәйкес «Шығыс Қазақстан облысы ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы ереже бекітілсін.
2. Шығыс Қазақстан облысы ауыл шаруашылығы басқармасы Шығыс Қазақстан облысы ветеринария басқармасының және оған ведомстволық бағынысты шаруашылық жүргізу құқығындағы кәсіпорындардың тиісті саласындағы уәкілетті органының құқықтық мирасқоры болып табылады.
3. Шығыс Қазақстан облысы ауыл шаруашылығы басқармасы:
1) осы қаулыға қол қойылған күннен бастап күнтізбелік жиырма күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмелерін Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жариялау үшін «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
2) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдауды қамтамасыз етсін.
4. Осы қаулының 2 қосымшасына сәйкес Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің кейбір қаулылары жойылсын.
5. Осы қаулының 3 қосымшасына сәйкес кейбір шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың атаулары өзгертілсін.
6. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Е.А. Нұрбаевқа жүктелсін.