Ветеринария саласындағы қызметпен айналысуға арналған лицензия беру қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 2 қазандағы № 302 бұйрығы
(2025.25.11. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы редакция 2026 ж. 1 қаңтарға дейін қолданылған редакция
ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2025.18.09. № 305 бұйрығымен кіріспе жаңа редакцияда (2025 ж. 25 қарашадан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 1) тармақшасына және «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабы 1-тармағының 4) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Ветеринария саласындағы қызметпен айналысуға арналған лицензия беру қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық, фитосанитариялық және тамақ қауіпсіздігі департаменті:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі | С. Омаров |
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика
министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Цифрлық даму, инновациялар
және аэроғарыш өнеркәсібі
министрлігі
Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы министрінің
2020 жылғы 2 қазандағы
№ 302 бұйрығымен бекітілген
Ветеринария саласындағы қызметпен айналысуға арналған лицензия беру
қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2025.18.09. № 305 бұйрығымен 1-тармақ жаңа редакцияда (2025 ж. 25 қарашадан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)