«Жоғары жетістіктер спорты түрлерінің тізбесін және оларды бюджет қаражаты есебінен қаржыландыру тәртібін айқындау туралы» Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрінің міндетін атқарушысының 2025 жылғы 30 қыркүйектегі № 185 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрінің 2026 жылғы 15 мамырдағы № 84 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Жоғары жетістіктер спорты түрлерінің тізбесін және оларды бюджет қаражаты есебінен қаржыландыру тәртібін айқындау туралы» Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрінің міндетін атқарушысының 2025 жылғы 30 қыркүйектегі № 185 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген № 37006) мынадай өзгеріс енгізілсін:
Жоғары жетістіктер спорт түрлерінің тізбесі осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру істері комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) үш жұмыс күні ішінде осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрықтың 2-тармағының 1) және 2) тармақшалары орындалғаннан кейін үш жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің Заң қызметі департаментіне орындалуы туралы ақпараттарды ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Қазақстан Республикасы туризм және спорт министрі | Е. Мырзабосынов |
Қазақстан Республикасы
туризм және спорт министрі
2026 жылғы 15 мамырдағы
№ 84 бұйрығына қосымша
бұйрыққа 1-қосымша
Жоғары жетістіктер спорт түрлерінің тізбесі