Ақмола облысының аумағында карантиндік режимінің күшін жою және «Ақмола облысы аумағында карантиндік режимін енгізе отырып карантинді аймағын белгілеу туралы» Ақмола облысы әкімдігінің 2021 жылғы 28 мамырдағы №А-5/270 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Ақмола облысы әкімдігінің 2025 жылғы 28 мамырдағы № А-5/279 Қаулысы
«Өсімдіктер карантині туралы» Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитеті Ақмола облыстық аумақтық инспекциясының 2025 жылғы 28 наурыздағы № 2799 ұсынымының негізінде, Ақмола облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Ақмола облысы аумағында келесі аудандарында жатаған (қызғылт) укекіремен залалданған алаңдардың көлемінде карантиндік режимі алынып тасталсын:
1) Егіндікөл ауданы, Бауман ауылдық округі, залалданған алаң - 0,05 гектар;
2) Жарқайың ауданы, Жаңадала ауылдық округі, залалданған алаң - 2298 гектар, Костычево ауылдық округі, залалданған алаң - 883 гектар, Бірсуат ауылы, залалданған алаң - 220 гектар, Гастелло ауылы, залалданған алаң - 600 гектар, Пятигорск ауылы, залалданған алаң - 401,8 гектар, Шойынкөл ауылы, залалданған алаң - 100 гектар;
3) Қорғалжын ауданы, Астана-Қаражар автожолы, залалданған алаң - 190 гектар.
2. Ақмола облысы аумағында Жарқайың ауданының Бірсуат ауылында карантиндік арамшөп - далалық арамсояумен залалданған алаңының 5 гектар көлемінде карантиндік режимі алынып тасталсын.
3. «Ақмола облысы аумағында карантиндік режимін енгізе отырып карантинді аймағын белгілеу туралы» Ақмола облысы әкімдігінің 2021 жылғы 28 мамырдағы № А-5/270 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8493 болып тіркелген) келесі өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулының 1, 2-қосымшалары осы қаулының 1, 2-қосымшаларына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау жетекшілік ететін Ақмола облысы әкімінің орынбасарына жүктелсін.
5. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
| Ақмола облысы әкімінің міндетін атқарушы | Е. Рамазанов |
Ақмола облысы әкімдігінің
2025 жылғы 28 мамырдағы
№ А-5/279 қаулысына