Әрбір шетелдік турист үшін келу туризмі саласындағы туроператорлардың шығындарын субсидиялау қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2021 жылғы 15 желтоқсандағы № 387 бұйрығы
(2023.05.06. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2023 жылғы 29 желтоқсанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Қазақстан Республикасындағы туристік қызмет туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабының 20-14) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Әрбір шетелдік турист үшін келу туризмі саласындағы туроператорлардың шығындарын субсидиялау қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық қолданысқа енгізілгеннен кейін оны Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы тармақта көзделген іс-шаралар орындалғаннан кейін екі жұмыс күні ішінде іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
| Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрі | А. Раимкулова |
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрлігі
ҚР Мәдениет және спорт министрінің 2023.17.05. № 127 бұйрығымен қағида жаңа редакцияда (2023 ж. 5 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасы
Мәдениет және спорт министрі
2021 жылғы 15 желтоқсандағы
№ 387 бұйрықпен бекітілген
Әрбір шетелдік турист үшін келу туризмі саласындағы туроператорлардың шығындарын субсидиялау
қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер