Кірістерді заңдастыру (жылыстату) және терроризмді қаржыландыру тәуекелдерін төмендетуге бағытталған шараларды бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 16 тамыздағы № 602 Қаулысы
(2021.26.02. берілген өзгерістермен)
«Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы» 2009 жылғы 28 тамыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 11-1-бабының 2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Кірістерді заңдастыру (жылыстату) және терроризмді қаржыландыру тәуекелдерін төмендетуге бағытталған шаралар бекітілсін.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
| Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | А. Мамин |
ҚР Үкіметінің 2021.26.02. № 98 Қаулысымен іс-шаралар өзгертілді (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2019 жылғы 16 тамыздағы
№ 602 қаулысымен
бекітілген
Кірістерді заңдастырудың (жылыстатудың) және терроризмді қаржыландырудың тәуекелдерін төмендетуге бағытталған
іс-шаралар
| Р/с № | Іс-шараның атауы | Аяқталу нысаны | Орындау мерзімі | Жауапты орындаушылар |
| 1 | 2 | 3 | 4 | 5 |
| 1. | Ойын бизнесiн ұйымдастырушыларға қатысты Қазақстан Республикасының ойын бизнесі туралы заңнамасының, оның ішінде ҚКЗ/ТҚ туралы заң талаптарының сақталуына бақылау іс-шараларын жүргізу | бірлескен іс-шаралар, МСМ хаттамалары | 2019 жыл бойы | МСМ, Қаржымині |
| 2. | Ойын бизнесінде ҚКЗ/ТҚ саласында тиімді бақылау жүргізу үшін тәуекелге бағытталған тәсілді қолдану | бірлескен іс-шаралар | 2019 жыл бойы | МСМ, Қаржымині |
| 3. | Ойын бизнесін ұйымдастырушылардың ҚКЗ/ТҚ туралы заңды тиісінше орындау мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізу | бірлескен іс-шаралар, МСМ хаттамалары | 2019 жыл бойы | МСМ, Қаржымині |
| 4. | Қылмыстық кірістерді заңдастыру (жылыстату) және терроризмді қаржыландыру типологияларын, схемалары мен тәсілдерін әзірлеу | типологиялар мен схемалар | 2021 жылға дейін жыл сайын | Қаржымині, мүдделі мемлекеттік органдар, қоғамдық ұйымдар (келісу бойынша) және қаржы мониторингі субъектілері (келісу бойынша) |