Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің жанындағы жеке кәсіпкерлік субъектілерінің бірлестіктерін аккредиттеудің кейбір мәселелері
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2017 жылғы 29 желтоқсандағы № 926 бұйрығы
Осы редакция 2018 жылғы 3 қыркүйекте енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 29 қазандағы Кәсіпкерлік Кодексінің 63-бабына, «Құқықтық актілер туралы» 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 65-бабының 3-тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 1089 қаулысымен бекітілген Жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң бiрлестiктерiне аккредиттеу жүргiзу қағидаларының 10-тармағына сәйкес және Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің жанындағы Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің бірлестіктерін аккредиттеу бойынша комиссия отырысының 2017 жылғы 27 желтоқсандағы № 03-11/300 хаттамасының негізінде БҰЙЫРАМЫН:
1. Осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жеке кәсіпкерлік субъектілерінің бірлестіктер Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің жанында аккредиттелсін және оларға аккредиттеу туралы тиісті куәліктер берілсін.
2. Осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес жеке кәсіпкерлік субъектілерінің бірлестіктерін Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің жанында аккредиттеуден бас тартылсын.
3. «Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің жанында жеке кәсіпкерлік субъектілерінің бірлестіктерін аккредиттеудің кейбір мәселелері» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2016 жылғы 1 маусымдағы № 467 бұйрығына мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрыққа 1-қосымша осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің жауапты хатшысына жүктелсін.
5. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және таратуға жатады.
| Министрдің міндетін атқарушы | Р. Скляр |
Қазақстан Республикасы