Осы редакция 2019 жылғы 31 қазанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Ақмола облысы әкімдігінің
2015 жылғы 11 маусымдағы
№ А-6/265 қаулысымен
бекітілді
«Дамуында проблемалары бар балалар мен жасөспірімдерді оңалту және әлеуметтік бейімдеу»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
(2018.24.04. берілген өзгерістермен)
1. Жалпы ережелер
Ақмола облысы әкімдігінің 2018.24.04. № А-5/187 Қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. «Дамуында проблемалары бар балалар мен жасөспірімдерді оңалту және әлеуметтік бейімдеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет) Ақмола облысының оңалту орталықтарымен, психологиялық-педагогикалық түзету кабинеттерімен (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетіледі.
Өтініш қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызметтін нәтижесін беру көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нысаны: қағаз түрінде.
Ақмола облысы әкімдігінің 2018.24.04. № А-5/187 Қаулысымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
3. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 8 сәуірдегі № 174 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11047 болып тіркелген) «Дамуында проблемалары бар балалар мен жасөспірімдерді оңалту және әлеуметтік бейімдеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының (бұдан әрі - Стандарт) қосымшасына сәйкес берілген нысан бойынша анықтама беру болып табылады.
Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: қағаз түрінде.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің
(қызметкерлерінің) іс-қимыл тәртібін сипаттау
Ақмола облысы әкімдігінің 2018.24.04. № А-5/187 Қаулысымен 4-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
4. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы Стандарттың 9-тармағында көрсетілген құжаттарды ұсынады.