Ақмола облысы әкімдігінің кейбір қаулыларына өзгерістер енгізу туралы
Ақмола облысы әкімдігінің 2018 жылғы 24 сәуірдегі № А-5/187 Қаулысы
Ақмола облысы әкімдігінің 2020 жылғы 21 ақпандағы № А-2/82 Қаулысымен күші жойылды
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына, «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі Заңына сәйкес, Ақмола облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Ақмола облысы әкімдігінің кейбір қаулыларына өзгерістер осы қаулының қосымшасына сәйкес енгізілсін.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Ақмола облысы әкімінің орынбасары А.Е. Мысырәлімоваға жүктелсін.
3. Осы қаулы Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Ақмола облысы әкімдігінің
2018 жылғы 24 сәуірдегі
№ А-5/187 қаулысына
қосымша
Ақмола облысы әкімдігінің өзгерістер енгізілетін қаулыларының
тізбесі
1. «Арнайы білім беру саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы» Ақмола облысы әкімдігінің 2015 жылғы 11 маусымдағы № А-6/265 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4877 болып тіркелген, 2015 жылғы 28 шілдеде «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:
жоғарыда көрсетілген қаулымен бекітілген «Дамуында проблемалары бар балалар мен жасөспірімдерді оңалту және әлеуметтік бейімдеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентінде:
1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«1. «Дамуында проблемалары бар балалар мен жасөспірімдерді оңалту және әлеуметтік бейімдеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет) Ақмола облысының оңалту орталықтарымен, психологиялық-педагогикалық түзету кабинеттерімен (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетіледі.