Введите номер документа
Прайс-лист

«Міндеттемені заттай нысанда орындау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2025 жылғы 19 қарашадағы № 979 Қаулысы

Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Информация о документе
Датасреда, 19 ноября 2025
Статус
Действующийвведен в действие с 1 января 2026
Дата последнего изменениясреда, 19 ноября 2025

Міндеттемені заттай нысанда орындау қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2025 жылғы 19 қарашадағы № 979 Қаулысы

 

Қазақстан Республикасының Салық кодексі 818-бабының 4-тармағына және 819-бабы 3-тармағының екінші бөлігіне сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қоса беріліп отырған Міндеттемені заттай нысанда орындау қағидалары бекітілсін.

2. «Міндеттемені заттай нысанда орындау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 12 сәуірдегі № 183 қаулысының күші жойылды деп танылсын.

3. Осы қаулы 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

 

 

Қазақстан Республикасының

 Премьер-Министрі

 

О. Бектенов

 

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2025 жылғы 19 қарашадағы

№ 979 қаулысымен

бекітілген

 

 

Міндеттемені заттай нысанда орындау

қағидалары

 

1-тарау. Жалпы ережелер

 

1. Осы Міндеттемені заттай нысанда орындау қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) Қазақстан Республикасының Салық кодексі (бұдан әрі - Салық кодексі) 818-бабының 4-тармағына, 819-бабы 3-тармағының екінші бөлігіне сәйкес әзірленген және жер қойнауын пайдаланушы:

1) Қазақстан Республикасының өнімді бөлу жөніндегі үлесі;

2) роялти;

3) экспортқа салынатын рента салығы;

4) пайдалы қазбаларды өндіру салығы бойынша салықтық міндеттемені орындау есебіне заттай нысанда беретін пайдалы қазбаның, оның ішінде есептеу, өнімді бөлу туралы келісімдер (келісімшарттар) бойынша коммерциялық өндіру басталған күннен бастап өндірілген пайдалы қазбаның көлемін айқындау, оны ақшалай мәнде есептеу, сондай-ақ оны сату тәртібін белгілейді.

2. Осы Қағидаларда пайдаланылатын негізгі ұғымдар:

1) агент - мемлекет атынан алушы пайдалы қазбаларды сатуды жүзеге асыруға уәкілеттік берген тұлға;

2) жер қойнауын пайдаланушы салықтық міндеттемелерін орындау есебіне заттай нысанда беретін пайдалы қазбалар (бұдан әрі - пайдалы қазбалар) - жер қойнауын пайдаланушы салықтық міндеттемелерін орындау есебіне заттай нысанда беретін мұнай, күкірт;

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Обратная связь
Оставьте свои контактные данные и наш менеджер свяжется с вами