Азаматтық қорғау органдары лауазымдарының санаттарына қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің м.а. 2023 жылғы 17 мамырдағы № 255 бұйрығы
(2024.26.02. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2025 жылғы 14 наурызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Құқық қорғау қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 29-бабының 3-тармағына, 84-бабының бесінші бөлігіне, «Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерiнде, басқа да әскерлерi мен әскери құралымдарында әскери қызмет өткеру қағидаларын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 25 мамырдағы № 124 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарында әскери қызмет өткеру қағидаларының 43-тармағына, сондай-ақ «Құқық қорғау органдары лауазымдарының санаттарына қойылатын үлгілік біліктілік талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 2020 жылғы 13 сәуірдегі № 67 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20391 болып тіркелген) бұйрығымен бекітілген Құқық қорғау органдары лауазымдарының санаттарына қойылатын үлгілік біліктілік талаптарының 1 және 2-тармақтарына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі (бұдан әрі - ТЖМ) аппараты лауазымдарының санаттарына қойылатын біліктілік талаптары;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес ТЖМ ведомстволары лауазымдарының санаттарына қойылатын біліктілік талаптары;
3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес ТЖМ облыстық (республикалық маңызы бар қалалар мен астананың) аумақтық органдары лауазымдарының санаттарына қойылатын біліктілік талаптары;
4) осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес ТЖМ қалалық, аудандық (қалалардағы аудандар) аумақтық органдары лауазымдарының санаттарына қойылатын біліктілік талаптары;