Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымында сақталатын деректерге санкцияланбаған қол жеткізуден ақпараттың сақталуын және қорғалуын қамтамасыз ететін қауіпсіз жұмысты ұйымдастыруға, сондай-ақ сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының киберқауіпсіздігіне қойылатын талаптарды бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2018 жылғы 30 шілдедегі № 164 Қаулысы
Осы редакция 2024 жылғы 29 тамызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Сақтандыру қызметі туралы» 2000 жылғы 18 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымында сақталатын деректерге санкцияланбаған қол жеткізуден ақпараттың сақталуын және қорғалуын қамтамасыз ететін қауіпсіз жұмысты ұйымдастыруға, сондай-ақ сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының киберқауіпсіздігіне қойылатын талаптар бекітілсін.
2. Банктік емес қаржы ұйымдарын реттеу департаменті (Көшербаева А.М.) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) Заң департаментімен (Сәрсенова Н.В.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы қаулы мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмесін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберуді;
3) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды;
4) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Заң департаментіне осы қаулының осы тармағының 2), 3) тармақшаларында және 3-тармағында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.