Введите номер документа
Прайс-лист

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «АКЦИЯЛАРЫНЫҢ (ЖАРҒЫЛЫҚ КАПИТАЛҒА ҚАТЫСУ ҮЛЕСТЕРIНIҢ...

Информация о документе
Датачетверг, 25 мая 2017
Статус
Действующийвведен в действие с
Дата последнего изменениячетверг, 25 мая 2017

Акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерiнiң) елу пайызынан астамы мемлекетке тиесілі заңды тұлғалар және олармен үлестес тұлғалар жүзеге асыратын қызмет түрлерінің тізбесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 1095 Қаулысы

(2017.25.05. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

 

Осы редакция 2017 жылғы 15 қыркүйекте енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 192-бабы 1-тармағының екінші бөлігіне сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қоса беріліп отырған акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерiнiң) елу пайызынан астамы мемлекетке тиесілі заңды тұлғалар және олармен үлестес тұлғалар жүзеге асыратын қызмет түрлерінің тізбесі (бұдан әрі - қызмет түрлерінің тізбесі) бекітілсін.

2. Орталық және жергілікті атқарушы органдар, ұлттық басқарушы холдингтер, ұлттық холдингтер, ұлттық компаниялар (келісім бойынша) 2016 жылғы 1 сәуірге дейін бекітілген қызмет түрлерінің тізбесіне сәйкес келмейтін қызмет түрлерін жарғылық құжаттардан алып тастау арқылы өздерінің ведомстволық бағынысты заңды тұлғаларының (олардағы акцияларды (қатысу үлестерін) тікелей немесе жанама иелену елу пайыздан астамды құрайтын) қызмет түрлерін сәйкес келтірсін.

ҚР Үкіметінің 2016.06.12. № 771 Қаулысымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

3. Осы қаулының 2-тармағының талабы «Жекешелендірудің 2016 - 2020 жылдарға арналған кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 30 желтоқсандағы № 1141 қаулысына сәйкес жекешелендіруге және бәсекелес ортаға беруге жататын, акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерiнiң) елу пайызынан астамы мемлекетке тиесілі заңды тұлғаларға және олармен үлестес тұлғаларға қолданылмайды.

Редакция документа

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом