Саран қаласы мен Ақтас кентінде тұрғын үй көмегін көрсету мөлшері мен тәртібін айқындау туралы
Қарағанды облысы Саран қалалық мәслихатының 2024 жылғы 28 наурыздағы № 103 шешімі
(2024.01.07. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2025 жылғы 8 шілдеде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңына, «Тұрғын үй көмегін беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2023 жылғы 8 желтоқсандағы № 117 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33763 болып тіркелді) бұйрығына сәйкес, қалалық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Осы шешімнің 1-қосымшасына сәйкес Саран қаласы мен Ақтас кентінде тұрғын үй көмегін көрсету мөлшері мен тәртібі айқындалсын.
2. Осы шешімнің 2-қосымшасына сәйкес Саран қалалық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Саран қалалық мәслихатының төрағасы | О. Баймаганбетов |
Саран қалалық мәслихатының
2024 жылғы 28 наурыздағы
№ 103 шешіміне
1-қосымша
Саран қаласы мен Ақтас кентінде тұрғын үй көмегін көрсету
мөлшері мен тәртібі
1. Тұрғын үй көмегі жергілікті бюджет қаражаты есебінен Саран қаласында және Ақтас кентінде тұратын, Қазақстан Республикасының аумағындағы жалғыз тұрғынжай ретінде меншік құқығында тұрған тұрғынжайда тұрақты тіркелген және тұратын аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға), сондай-ақ мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғынжайды және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғынжайды жалдаушыларға (қосымша жалдаушыларға):