Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің кейбір нормативтік қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің 2014 жылғы 10 желтоқсандағы № 5-НҚ нормативтік қаулысы
Осы редакция 2015 жылғы 28 қарашада енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 5 тамыздағы № 917 Жарлығымен бекітілген Республикалық бюджеттiң атқарылуын бақылау жөнiндегi есеп комитетi (бұдан әрі - Есеп комитеті) туралы ереженің 19-тармағының 3) тармақшасына сәйкес, Есеп комитеті қаулы етеді:
1. Қоса беріліп отырған Есеп комитетінің кейбір нормативтік қаулыларына енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.
2. Заң бөлімі заңнамада белгiленген тәртiппен:
1) осы нормативтік қаулының Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелуiн;
2) осы нормативтік қаулы Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін оны күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспасөз басылымдарына және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесіне ресми жариялауға жіберуді;
3) осы нормативтік қаулыны Есеп комитетінің Интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Нормативтік қаулының орындалуын бақылау Есеп комитетінің аппарат басшысына жүктелсін.
4. Осы нормативтік қаулы алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейінгі күні қолданысқа енгiзiледi.
| Төрағаның міндетін атқарушы | И. Ақпомбаев |
Республикалық бюджеттің атқарылуын
бақылау жөніндегі есеп комитетінің
2014 жылғы 10 желтоқсандағы
№ 5-НҚ нормативтік қаулысымен бекітілген
Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің
кейбір нормативтік қаулыларына енгізілетін
өзгерістер мен толықтырулар