Қарағанды облысының әлеуметтік маңызы бар ауданаралық (облысішілік қалааралық) қатынастар тізбесін айқындау туралы
Қарағанды облыстық мәслихатының 2016 жылғы 30 маусымдағы III сессиясының № 64 шешімі
(2019.28.02. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2023 жылғы 4 сәуірде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 4 шілдедегі «Автомобиль көлігі туралы» Заңының 14-бабы 1-тармағының 5) тармақшасына сәйкес, облыстық маслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Қарағанды облысының әлеуметтік маңызы бар ауданаралық (облысішілік қалааралық) қатынастар тізбесі осы шешімнің 1-қосымшасына сәйкес айқындалсын.
2. Осы шешімнің 2-қосымшасына сәйкес Қарағанды облыстық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылсын.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылау құрылыс, көлік және коммуналдық шаруаршылық жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін (Н.И. Иманов).
4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Сессия төрағасы | Н. Иманов |
| Облыстық мәслихаттың хатшысы | Р. Әбдікеров |
Қарағанды облыстық мәслихатының 2019.28.02. № 397 шешімімен қосымша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
Қарағанды облыстық мәслихатының
2016 жылғы 30 маусымдағы
III сессиясының № 64 шешіміне
1-қосымша
Қарағанды облысының әлеуметтік маңызы бар ауданаралық (облысішілік қалааралық) қатынастар
тізбесі
| № | Маршрут атауы (маршрут нөмірі) |
| 1 | 2 |
| 1 | №146 «Қарағанды-Абай» |
| 2 | №121 «Қарағанды-Шахтинск» |
| 3 | №165 «Қарағанды-Саран» |
| 4 | №204 «Саран-Абай» |
| 5 | №239 «Шахтинск-Топар» |
| 6 | №105 «Қарағанды-Киевка (Ынтымақ арқылы)» |
| 7 | №116 «Қарағанды-Құланөтпес» |
| 8 | №126 «Қарағанды-Қушоқы» |
| 9 | №106 «Қарағанды-Родниковский» |
| 10 | №143 «Қарағанды-Қаражал» |
| 11 | №149 «Қарағанды-Шахтер демалыс үйі» |
| 12 | №160 «Қарағанды-Балқаш» |
| 13 | №168 «Қарағанды-Индустриальный» |
| 14 | №174 «Қарағанды-Жезқазған» |
| 15 | №175 «Қарағанды-Шұбаркөл» |
| 16 | №170 «Қарағанды-Жәйрем» |
| 17 | №84 «Қарағанды (14 ықшам ауданы)-Ботақара» |
| 18 | №120 «Қарағанды-Атасу» |