Введите номер документа
Прайс-лист

«Сот сараптамасының кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 3 ақпандағы № 34 Қаулысы

Информация о документе
Датапятница, 3 февраля 2017
Статус
Действующийвведен в действие с 3 февраля 2017
Дата последнего измененияпятница, 3 февраля 2017

Сот сараптамасының кейбір мәселелері туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 3 ақпандағы № 34 Қаулысы

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Сот медицинасы орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны оған «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Сот сараптамасы орталығы» мемлекеттік мекемесін қосу жолымен қайта ұйымдастырылсын.

2. «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Сот медицинасы орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Сот сараптамалары орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны (бұдан әрі - кәсіпорын) болып қайта аталсын.

3. Мыналар:

1) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі кәсіпорынға қатысты тиісті саланың уәкілетті органы болып;

2) арнаулы ғылыми білім құралдарымен қылмыстық, азаматтық істер және әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша сот сараптамасын жүргізу, сондай-ақ сот сараптамасы мәселелері бойынша ғылыми-зерттеу қызметін жүзеге асыру кәсіпорын қызметінің негізгі нысанасы болып айқындалсын.

4. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетіне кәсіпорынның жарғысын бекітуге ұсынуды;

2) әділет органдарында кәсіпорынның мемлекеттік тіркелуін;

3) осы қаулыдан туындайтын өзге де шаралар қабылдауды қамтамасыз етсін.

5. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.

6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

 

Б. Сағынтаев

 

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2017 жылғы 3 ақпандағы

№ 34 қаулысымен

бекітілген

 

 

Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін

 өзгерістер мен толықтырулар

 

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом