Мемлекет кепілдік берген мемлекеттік емес қарыз қаражаты есебінен қаржыландыру ұсынылатын жобалардың 2025 жылға арналған тізбесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2025 жылғы 14 сәуірдегі № 237 Қаулысы
(2025.20.06. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы редакция 2025 жылғы 4 тамызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 141-бабының 4-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған мемлекет кепілдік берген мемлекеттік емес қарыз қаражаты есебінен қаржыландыру ұсынылатын жобалардың 2025 жылға арналған тізбесі бекітілсін.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
| Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | О. Бектенов |
ҚР Үкіметінің 2025.05.05. № 304 Қаулысымен тізбе жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2025.20.06. № 461 Қаулысымен тізбе өзгертілді (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2025 жылғы 14 сәуірдегі
№ 237 қаулысымен
бекітілген
Мемлекет кепілдік берген мемлекеттік емес қарыз қаражаты есебінен
қаржыландыру ұсынылатын жобалардың 2025 жылға арналған
тізбесі
| Р/с № | Жобаның атауы | Жобаның жалпы құны | Іске асыру кезеңі | Мемлекеттік кепілдіктің мөлшері | Қарыз алушы | Әлеуетті қарыз беруші |
| 1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
| 1 | «Климатқа төзімді су ресурстарын дамыту жобасы, 1-саты» 1-транш (5 су шаруашылығы құрылысжайын салу және реконструкциялау) | 88825175000 теңге | 2025 - 2045 жылдар | 78166154000 теңгеге дейін (қарыз валютасына баламалы) | «Қазсушар» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны | Ислам Даму Банкі |
| 2 | «Климатқа төзімді су ресурстарын дамыту жобасы, 1-саты» 1-транш (ирригациялық желілерді қалпына келтіру, жаңғырту және салу) | 138568866000 теңге | 2025 - 2045 жылдар | 121940602000 теңгеге дейін (қарыз валютасына баламалы) | «Қазсушар» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны | Ислам Даму Банкі |