Уақытша өтемдік тарифті бекіту қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2016 жылғы 23 қарашадағы № 484 бұйрығы
(2018.15.10. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2018 жылғы 11 желтоқсанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚР Ұлттық экономика министрінің 2018.15.10. № 24 бұйрығымен кіріспе жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
«Табиғи монополиялар туралы» 1998 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 14-1-бабы 1-тармағының 5) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Уақытша өтемдік тарифті бекіту қағидалары бекітілсін.
2. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:
1) «Уақытша өтемдік тарифті бекіту жөніндегі қағидаларды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2013 жылғы 16 сәуірдегі № 115-НҚ бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8472 болып тіркелген);
2) «Табиғи монополиялар субъектілерінің реттеліп көрсетілетін қызметтеріне тарифтік сметаны орындау туралы есепті орналастыру қағидаларын, Табиғи монополия субъектісінің реттеліп көрсетілетін қызметтерге тарифтік сметаны орындау барысы туралы тұтынушыларды хабардар ету қағидаларын бекіту туралы және Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 24 шілдедегі № 566 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін кейбір бұйрықтар тізбесі 5) тармақшасының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11972 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 25 қыркүйекте жарияланған).
2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;