Жойылуы қиын органикалық ластағыштармен және оларды қамтитын қалдықтармен жұмыс істеу қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2022 жылғы 24 қарашадағы № 717 бұйрығы
(2024.25.10. берілген өзгерістермен)
ҚР Экология және табиғи ресурстар министрінің м.а. 2024.10.10. № 241 бұйрығымен кіріспе жаңа редакцияда (2024 ж. 25 қазаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасының Экология кодексінің 402-бабының 6-тармағына, «Жойылуы қиын органикалық ластағыштар туралы Стокгольм конвенциясын ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына, «Қауiптi қалдықтарды трансшекаралық тасымалдауды және оларды аулаққа шығаруды бақылау туралы Базель конвенциясына Қазақстан Республикасының қосылуы туралы» Қазақстан Республикасының Заңына және «Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Жойылуы қиын органикалық ластағыштармен және оларды қамтитын қалдықтармен жұмыс істеу қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрінің 2012 жылғы 24 ақпандағы «Жойылуы қиын органикалық ластауыштармен және олар құрамында бар қалдықтармен жұмыс істеу қағидаларын бекіту туралы» № 40-ө бұйрығының (нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне № 7480 тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Қалдықтарды басқару саласындағы мемлекеттік саясат департаментіне заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықтың ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;