Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы
Қостанай облысы Денисов ауданы мәслихатының 2023 жылғы 17 қарашадағы № 76 шешімі
(2024.01.11. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2025 жылғы 21 сәуірде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабына сәйкес, Денисов аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Осы шешімнің 1-қосымшасына сәйкес, әлеуметтік көмек көрсетудің оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидалары бекітілсін.
2. Осы шешімнің 2-қосымшасына сәйкес, Денисов аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Денисов аудандық мәслихатының төрағасы | В. Шерер |
Қостанай облысы Денисов ауданы мәслихатының 2024.13.02. № 9 шешімімен қағида жаңа редакцияда (2024 ж. 12 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
Денисов аудандық мәслихатының
2023 жылғы 17 қарашадағы
№ 76 шешіміне
1-қосымша
Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың
қағидалары
1. Жалпы ережелер