Кедендік баждарды төлеу мерзімін кейінге қалдыруды немесе бөліп төлеуді ұсыну туралы шешім қабылдау үшін қажетті құжаттардың тізбесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 2 шілдедегі № 398 бұйрығы
ҚР Қаржы министрінің 2018 жылғы 14 ақпандағы № 180 бұйрығымен үші жойылды
«Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 30 маусымдағы Кодексінің 135-бабының 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Кедендік баждарды төлеу мерзімін кейінге қалдыруды немесе бөліп төлеуді ұсыну туралы шешім қабылдау үшін қажетті құжаттардың тізбесі бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті (Д.Е. Ерғожин) заңнамамен белгіленген тәртіпте:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оны ресми жариялауға мерзімдік баспа басылымдарына және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесіне жіберілуін;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛГЕН»
Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылық министрі
А. Мамытбеков
2015 жылғы « »
«КЕЛІСІЛГЕН»
Қазақстан Республикасының
Инвестициялар және даму министрі
Ә. Исекешев
2015 жылғы « »
«КЕЛІСІЛГЕН»
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрі
Е. Досаев
2015 жылғы « »
«КЕЛІСІЛГЕН»
Қазақстан Республикасының
Ішкі істер министрі
Қ. Қасымов
2015 жылғы « »
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрлігі
2015 жылғы 2 шілдедегі
№ 398 бұйырғымен
бекітілген
Кедендік баждарды төлеу мерзімін кейінге қалдыруды немесе бөліп
төлеуді ұсыну туралы шешім қабылдау үшін қажетті құжаттардың
тізбесі